SINGLE Комфодерм
БАР-ЖОҒЫН ҚАРАП ШЫҒУ
Орысша Қазақша
Тері туралы блог
< Артқа
Атопиялық дерматит кезіндегі асқынулар
23.09.2024

Егер өзіңіз немесе балаңыз атопиялық дерматиттен зардап шегетін болсаңыздар, онда бұл аурудың өмір сүруге қаншалықты әсер ететінін сізден артық білетін ешкім жоқ. Дерматит симптомдары ұйқыға және сергектікке, жұмысқа, оқуға, бос уақытқа, ойынға, қарым-қатынасқа және тағы басқа нәрселерге әсер етеді. Бірақ бұл аурудың қаншалықты қаскүнем екенін бәрі біле бермейді, өйткені оны әртүрлі асқыну белгілері күшеюі мүмкін [1-3]. Оларды қалай болдырмауға болатынын түсіну үшін қандай тәуекелдері бар екенін қарастырайық. 

Тері инфекциялары

Сап-сау теріге жергілікті иммунитетті қалыптастыруға қатысатын және зиянды бактериялардың «өз» аумағына өтуіне жол бермейтін әртүрлі пайдалы, «жағымды» бактериялар мен саңырауқұлақтар (микрофлора) «қоныстанады.

Атопиялық дерматит кезінде терідегі қорғаныс жүйесі сәтсіздікке ұшырайды, қабыну басталады, бұл пайдалы микрофлораның тіршілік жағдайын нашарлатады. Сонымен қатар терінің қышуы мен тырналуы инфекцияға әкелуі мүмкін.

Сондықтан атопиялық дерматит кезіндегі ең жиі таралған асқыну – терінің инфекцияны қайта жұқтыруы.

Атауы сондай әдемі көрінгеніне қарамастан, алтын реңді стафилококк ең қауіпті инфекциялардың бірі, ол іріңдеуге әкелуі мүмкін. Теріге қоныстану арқылы бұл бактерия қабынудың өршуіне ықпал етеді, емдеу тиімділігін төмендетеді және қабыну күшейгенде тіпті сепсис (қанның зарарлануы) және басқа да жасырын асқыну белгілері туындауы мүмкін [1-4].

Қауіпті микроорганизмдердің тағы бір түрі – саңырауқұлақтар! Кейбіреулері қалыпты тері флорасының бөлігі болып табылса, ал басқалары ауруларды тасымалдайды. Қабынған тері олар үшін таптырмас көбею алаңы болып табылады. Саңырауқұлақтар дерматитті ауырлата түседі, ал дерматит саңырауқұлақтардың өсуіне ықпал етеді. Сонымен қатар саңырауқұлақтардан зардап шеккен теріге терапия әсер ете алмайды және емделу созылып кетеді [3, 5, 6].

Соңында атопиялық дерматиттің асқыну себептері арасында маңызды орын алатын вирустарға тоқталайық. Қарапайым герпес вирустары аурудың өтуін нашарлатып қана қоймай, басқа аллергиялық аурулардың (демікпе, тамақ аллергиясы және т.б.) пайда болуына әкеледі. Вирустық инфекция безгекпен, лимфа түйіндерінің ұлғаюымен ілесе жүруі мүмкін, тіпті менингит (бас миы қабығының қабынуы) сияқты өте ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін [1].

Есіңізде болсын, инфекцияның алдын алудың ең жақсы тәсілі – терінің тосқауылдық қасиеттерін қалпына келтіру, қабынуды жеңілдету және, ең бастысы, қышынумен күресу, бағытты түрде дерматиттің өзін тиімді емдеу.

Тері гигиенасын сақтап, ылғалдандырғыш заттарды қолданудың маңызы зор. Егер инфекция әлдеқашан басталған болса, дәрігер қосымша антибиотиктер тағайындай алады [7].

Басқа аллергиялық аурулар

Атопиялық дерматит кезінде басқа аллергиялық аурулардың пайда болу ықтималдығы артады, олар: демікпе, конъюнктивит, ринит, тамақ аллергиясы. Кейбір дәрігерлер атопиялық дерматитті бастапқы нүкте ретінде қарастырады –аллергия қозғалысының бірінші станциясы және «атопиялық марш» деп те атайды.

Мұның себебі тұқым қуалаушылық, осындай ауруларға отбасылық бейімділік болуы мүмкін. Бірақ тауыңыз шағылмасын, «маңдайға не жазылса, сол болады» деп қарап отыруға да болмайды! Атопиялық дерматитті емдеу неғұрлым ерте басталса, ол соғұрлым табысты болады, басқа станцияларға «жету» қаупі соғұрлым азаятыны дәлелденген [2, 8, 9].

Психикалық-эмоциялық күйзелістер

Дерматит симптомдары өте ауыр болуы мүмкін, мазасыздыққа, депрессияға, ұйқысыздыққа әкелуі ықтимал. Стресс жағдайы аурудың көрінісін күшейтеді, қышу үдей түседі. Атопиялық дерматитпен ауыратын балаларда есте сақтау және зейін нашарлап, оқу мен дамуға кері әсерін тигізуі мүмкін [2].

Атопиялық дерматиттің асқынуына жол бермеу үшін ауруды асқындырып алмау қажет, дәрігерге уақытында барып, сәтті емделу үшін дәрігердің тағайындаған кеңестерін мұқият орындаудың маңызы зор [1-9].

Өз денсаулығыңыз — өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз!

  1. Sun D, Ong PY. Infectious Complications in Atopic Dermatitis. Immunology and Allergy Clinics of North America. 2017;37(1):75–93. doi: 10.1016/j.iac.2016.08.015
  2. Wollenberg A, Werfel T, Ring J, Ott H, Gieler U, Weidinger S. Atopic Dermatitis in Children and Adults — Diagnosis and Treatment. Dtsch Arztebl Int. 2023 Mar 31;120(13):224-234. doi: 10.3238/arztebl.m2023.0011. PMID: 36747484; PMCID: PMC10277810.
  3. Ashbaugh AG, Kwatra SG. Atopic Dermatitis Disease Complications. Management of Atopic Dermatitis. 2017;47–55. doi: 10.1007/978-3-319-64804-0_5
  4. Alexander H, Paller AS, Traidl-Hoffmann C, Beck LA, De Benedetto A, Dhar S, Girolomoni G, Irvine AD, Spuls P, Su J, Thyssen JP, Vestergaard C, Werfel T, Wollenberg A, Deleuran M, Flohr C. The role of bacterial skin infections in atopic dermatitis: expert statement and review from the International Eczema Council Skin Infection Group. Br J Dermatol. 2020 Jun;182(6):1331-1342. doi: 10.1111/bjd.18643. Epub 2019 Dec 4. PMID: 31677162; PMCID: PMC7317931.
  5. Faergemann J. Atopic dermatitis and fungi. Clin Microbiol Rev. 2002 Oct;15(4):545-63. doi: 10.1128/CMR.15.4.545-563.2002. PMID: 12364369; PMCID: PMC126862.
  6. Thammahong A, Kiatsurayanon C, Edwards SW, Rerknimitr P, Chiewchengchol D. The clinical significance of fungi in atopic dermatitis. International Journal of Dermatology. 2020;59(8):926-935. doi: 10.1111/ijd.14941
  7. Lübbe J. Secondary infections in patients with atopic dermatitis. Am J Clin Dermatol. 2003;4(9):641-54. doi: 10.2165/00128071-200304090-00006. PMID: 12926982.
  8. Yaneva M, Darlenski R. The link between atopic dermatitis and asthma- immunological imbalance and beyond. Asthma Res Pract. 2021 Dec 15;7(1):16. doi: 10.1186/s40733-021-00082-0. PMID: 34911576; PMCID: PMC8672460.
  9. Tsuge M, Ikeda M, Matsumoto N, Yorifuji T, Tsukahara H. Current Insights into Atopic March. Children (Basel). 2021 Nov 19;8(11):1067. doi: 10.3390/children8111067. PMID: 34828780; PMCID: PMC8620020.