SINGLE
Атопиялық дерматит — бұл балалар мен ересектер арасында кең таралған тері ауруы. Көбінесе бұл ауру балаларда ерте жастан басталады және әдетте мұндай баланың отбасында аллергиядан зардап шегетін туыстары болады (атопиялық дерматитпен немесе аллергиялық ринитпен немесе бронх демікпесімен ауыратын ата-анасы немесе аталары, әжелері, басқалары)1. Мұндай отбасындағы балалар жоғары тәуекел тобына жатады және атопиялық дерматит белгілері оларда нәресте кезінде пайда болады2.
Атопиялық дерматиттің дамуының негізгі факторы –теріні ылғалдандыруға жауапты геннің (филаггрин) ақауына байланысты терінің тосқауыл функциясының бұзылуы, сондай-ақ терідегі липид алмасудың бұзылуы (олар тері ішіндегі ылғалды сақтауға көмектеседі).
Балалар мен ересектердегі атопиялық дерматит белгілері ұқсас болып келеді:
Бұл симптомдарды азайту және өмір сүру сапасын жақсарту үшін атопиялық теріге дұрыс күтім жасау қажет. Бұл жағымсыз симптомдарды басқаруға ғана емес, сонымен қатар аурудың өршуі мен үдеу қаупін азайтуға көмектеседі.
Атопиялық дерматит кезіндегі негізгі күтімнің басты қағидаттары – теріні ылғалдандыру және жұмсарту (липидті қабатты сақтау және қалпына келтіру), қабынуды азайту және тырнауға жол бермеу3. Бұл қағидаттар балалардың терісіне де, ересектерге де күтім жасауда маңызды рөл атқарады.
Кез-келген күтім тазартудан басталады. Бірақ атопиялық дерматит кезінде тері әсіресе сезімтал болады, сондықтан жуыну құралдарын дұрыс таңдау қажет: рН 7 төмен, гипоаллергенді, иістендіргішсіз болғаны жөн.
Жуыну шараларының жиілігі мен ұзақтығы бойынша қабылданған стандарт жоқ: ваннаға да, душқа да түсуге болады. Бірақ жуынған сайын теріні ылғалдандыру және жұмсарту өте маңызды.
Мұны «сулау – жағу» ережесі немесе «үш минут ережесі» арқылы есте сақтау оңай: шомылғаннан немесе душ қабылдағаннан кейін теріні жұмсақ сүлгімен сүртіп, үш минут ішінде күтім құралдарын қолдану керек. Тері сәл дымқыл болған кезде, кремдер мен майлардың белсенді ингредиенттері жақсы сіңеді.
Ремиссия кезінде ылғалдандырғыш және жұмсартқыш құралдар — эмоленттер қолданылады, ал ауру өршіген кезде оларға терінің қабынған және қышып тұрған аймақтарына тікелей жағылатын дәрілік препараттарды қосу керек. Бұлар әдетте дәрігер тағайындайтын гормондық кремдер немесе жақпамайлар.
Ылғалдандырғыш/жұмсартқыш құралдарды (эмоленттерді) қолдану атопиялық дерматитті емдеудің де, алдын алудың да өте қажет элементі болып табылады және аурудың барлық кезеңдерінде тағайындалады.
Ылғалдандырғыш/жұмсартқыш құралдарды (эмоленттерді) қолдану атопиялық дерматитті емдеудің де, алдын алудың да өте қажет элементі болып табылады және аурудың барлық кезеңдерінде тағайындалады.
Атопиялық тері құрғап қалмауы керек: оны үнемі, жиі және көп мөлшерде ылғалдандырып отыру керек. Тек шомылғаннан кейін ғана емес, сонымен қатар тәулік бойы (күніне кемінде 3-4 рет).
Клиникалық әсерге қол жеткізу үшін жұмсартатын дәрілердің жеткілікті мөлшерін қолдану маңызды: терісі жалпы зақымданған ересек адамға аптасына 600 грамға дейін, балаға аптасына 250 грамға дейін эмолент жұмсалады.
Терінің қышуы атопиялық дерматиттің ең бірінші симптомы болуы мүмкін. Бұл көңіл-күйге, ұйқыға, күнделікті жұмыстарға әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар аурудың өту барысын нашарлатуы мүмкін: қабынған тері тырнағанда инфекция жұқтырып, іріңді асқынулар пайда болуы мүмкін. Сондықтан аурудың өршіп тұрған кезіндегі басты міндет – қышығанды басу.
Атопиялық дерматиттің өршуін емдеуге арналған бірінші кезектегі препараттар, сондай-ақ аурудың орташа және ауыр түрлеріне арналған бастапқы терапия препараттары болып табылатын топикалық глюкокортикостероидтар (гормондық крем немесе жақпамай) осы міндетті жақсы атқарады.
Оларды тек дәрігер тағайындайды және пациент дәрігердің ұсынымдарын қатаң сақтауы тиіс: препарат дозасы мен жиілігін асыруға болмайды, тағайындалған терапия курсын аяғына дейін апарыңыз (бастапқыда сәл жақсарған бойда емделуді үзіп тастамаңыз, бірақ өз бетіңізбен ұзақ уақыт бойы бақылаусыз пайдалануға да болмайды).
Дәрігер балаларға гормондық жақпамайлар мен кремдер тағайындай алады, бірақ олар нәзік және сезімтал теріге сәйкес келуі тиіс (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықта әрдайым науқастың қолдануға болатын жасы көрсетіледі).
Ересектер мен балалардағы атопиялық дерматит созылмалы ауруларға жатады, сондықтан дәрігер мен пациенттің маңызды міндеті – ремиссияға дейін жеткізу және өршу жиілігін азайту. Бұған теріні дұрыс күту және өзіңіздің емдеуші дәрігеріңіз тағайындаған профилактикалық және емдеу шараларын сақтау арқылы қол жеткізуге болады. Өз бетіңізбен емделу денсаулығыңызға зиянды болуы мүмкін, осыны есіңізде ұстаңыз.
Теріңізді күтіңіз!