Сізде экзема немесе дерматит
белгілері бар ма?
Білу үшін тестіден өтіңіз
Тестіден өту >Жауап нұсқаларының бірін таңдаңыз:
*Тест нәтижелері түпкілікті емес және оларды диагноз ретінде немесе дәрігердің кеңесі ретінде қарастыруға болмайды.
Метилпреднизолон ацепонаты. Сыртқа қолдануға арналған жақпамай, 0,1%
Күніне 1 рет жұқа қабаттап жағылады
Емдеу ұзақтығы 12 аптадан аспауы тиіс
4 айдан бастап балаларға жарамды
Күніне 1 рет жұқа қабаттап жағылады
Емдеу ұзақтығы 12 аптадан аспауы тиіс
Комфодерм жақпамайын ашылғаннан кейін қанша уақыт сақтауға болады?
Комфодерм жақпайын жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін пайдалануға болады.
Комфодерм жақпа майын қолдануға қандай қарсы көрсеткіштер бар?
— препарат компоненттеріне мүлдем төзе алмаушылық;
— препарат жағылған жердегі туберкулез немесе сифилис процестері;
— препарат жағылған жердегі вирустық аурулар (мысалы, желшешек, белдемшелік теміреткі);
— препарат жағылған жердегі розацеа, периоралдық дерматит, ойық жаралар, безеу, атрофиялық дерматит, терідегі вакцинадан кейінгі реакциялар;
— бактериялық немесе саңырауқұлақ инфекциясымен байланысты тері аурулары.
Жөргектің астына Комфодерм жақпамайын қолдануға бола ма?
Окклюзиялық таңғыштардың астына жақпаған жөн. Жөргектер мен шаптың аймағы окклюзиялық таңғыш әсерін тудыруы мүмкін екенін ескеру қажет.
Комфодермді бетке қолдануға бола ма?
Иә, жақпамай қолдануға болмайтын жағдайлардан басқа (мысалы, безеу, розацеа, периоралдық дерматит кезінде). Көзге, ашық жараға және шырышты қабыққа түспеуі үшін, КОМФОДЕРМ препаратын абайлап қолданған жөн.
Комфодермді жүктілік және лактация кезінде қолдануға бола ма?
Комфодерм препаратын жүктілік және бала емізу кезінде қолдану қажеттілігі туындағанда, құрсақтағы бала мен ана үшін қатерінің күтілетін пайдасынан төмен болуын таразылау қажет. Бұл кезеңде препаратты дененің ауқымды бөліктеріне қолдануға болмайды. Емізетін аналарға препаратты емшегіне жағуға болмайды.