Бар-жоғын қарап шығу

Атопиялық терінің жаздағы күтім

Артқа

Сіз жазды, шуақты күндерді және саяхатқа шығуды асыға күтесіз бе? Атопиялық дерматит асқынып, жылы да жайлы кездің жағымды әсерін бұзбауы үшін қалай әрекет еткен дұрыс? Анықтап көрейік.

Атопиялық дерматиттің асқынуы жылдың кез келген мезгілінде басталуы мүмкін, ыстық, ылғалды климат ауру симптомдарының нашарлауына әкелуі мүмкін. Оның үстіне ауа температурасы неғұрлым жоғары болса, аурудың асқынуы, дәрігерлерге қаралу жағдайлары соғұрлым көп болады1,2 . Өйткені тершеңдік (оның ішінде қоршаған ортаның жоғары температурасына байланысты болса) дерматит кезінде терінің күйін нашарлататын тағы бір фактор болып табылады.

Теріні суаруды және оңтайлы температура режимін сақтауды, күтімді қажет ететін бақ немесе бақша деп елестетіп көріңізші. Тер бездері – адамның терісін суаратын және салқындататын биологиялық жүйе. Тер дененің бетін ылғалдандырады және оның қызып кетуіне жол бермейді. Атопиялық дерматитпен ауыратын пациенттерде тер бездерінің функциясы және тер құрамы бұзылуы мүмкін. Тер бездері дұрыс жұмыс істемесе, тері қатты құрғайды. Ыстық ауа-райы немесе дене жаттығулары кезінде тершеңдіктің артуы тітіркенуге, қышынуға және қабынудың күшеюіне әкелуі мүмкін1,3 

Жазда асқыну қаупін төмендететін кейбір кеңестерге құлақ асыңыздар3,5:
  • сұйықтықты көбірек ішіңіз, салқын болса тіпті жақсы;
  • ыстық, тым майлы немесе тым тәтті тағамдарды тұтынбауға тырысыңыз;
  • жиі шомылыңыз:
  • oйыннан, спортпен айналысқаннан кейін, бассейнде жүзгеннен кейін салқын душ қабылдаңыз;
  • шынтақ пен тізенің бүгілетін қыртысын жууды ұмытпаңыз;
  • артық терді жұмсақ дымқыл шүберекпен ақырын сүртіп тастаңыз;
  • дымқыл теріге шомылғаннан кейін ылғалдандырғыш жағуды ұмытпаңыз. Бұл өнімдерді тоңазытқышта сақтап, теріге салқын күйінде қолданған жөн;
  • "ауа өткізетін", гигроскопиялық іш киім және 100% мақтадан жасалған кең киім киіңіз. Синтетикалық материалдан тігілген, денені қысатын киім кимеген жөн;
  • киімді бояғыштар мен жұпарлағыштар қосылмаған құралдармен жуыңыз, кірді жақсылап шайыңыз, өйткені терлеген кезде киімде қалған жуғыш заттар теріге түсуі мүмкін;
  • SPF қорғаныс құралдарын қолдануды ұмытпаңыз, гипоаллергенді құрамды таңдаңыз;
  • ыстықта көлеңкеде болған дұрыс.
  • Өмір салтын өзгертумен қатар жылдың кез келген уақытында дәрігер тағайындаған емді жалғастырған жөн.
  • Деніңіз сау болсын!

Өмір салтын өзгертумен қатар жылдың кез келген уақытында дәрігер тағайындаған емді жалғастырған жөн.​

Деніңіз сау болсын!

  1. Girolomoni G, Busà VM. Flare management in atopic dermatitis: from definition to treatment. Ther Adv Chronic Dis. 2022 Jan 13;13:20406223211066728. doi: 10.1177/20406223211066728. PMID: 35070252; PMCID: PMC8771745.
  2. Fleischer AB Jr. Atopic dermatitis: the relationship to temperature and seasonality in the United States. Int J Dermatol. 2019 Apr;58(4):465-471. doi: 10.1111/ijd.14289. Epub 2018 Nov 11. PMID: 30417330.
  3. Murota H, Yamaga K, Ono E, Katayama I. Sweat in the pathogenesis of atopic dermatitis. Allergol Int. 2018 Oct;67(4):455-459. doi: 10.1016/j.alit.2018.06.003. Epub 2018 Aug 3. PMID: 30082151.
  4. Murota H, Katayama I. Lifestyle Guidance for Pediatric Patients with Atopic Dermatitis Based on Age-Specific Physiological Function of Skin. Pediatr Allergy Immunol Pulmonol. 2016 Dec;29(4):196-201. doi: 10.1089/ped.2016.0723. PMID: 35923063.
  5. Америкалық дерматологиялық қауымдастықтың ұсынымдары. https://www.aad.org/public/diseases/eczema/insider/eczema-summertime
  6. Ұлттық экзема жөніндегі қауымдастық. https://nationaleczema.org/blog/summer-tips/