SINGLE Комфодерм
БАР-ЖОҒЫН ҚАРАП ШЫҒУ
Орысша Қазақша
Тері туралы блог
< Артқа
Экзема дегеніміз не және онымен қалай күресуге болады?
06.09.2023

Экзема – қабыну, қышу және удай ашу белгілерімен сипатталатын жедел немесе созылмалы, қайталанатын тері ауруы. Бұл дерматоздың атауы «eczeo» сөзінен шыққан – бұл «қайнап шығу» дегенді білдіреді, сондықтан экзема бөртпелері қайнаған судың көпіршіктеріне ұқсайды1.

Экземаның себептері сыртқы (мысалы, тұрмыстық немесе кәсіптік аллергендер) және ішкі (мысалы, стресс, эндокриндік аурулар, асқазан-ішек жолдарының аурулары, созылмалы инфекцияның ошақтары) болуы мүмкін2.

Ең көп таралған орны – қол мен аяқтағы экзема. Тұрақты симптомдары терінің қызаруы, қышуы, удай ашуы, тітіркенген орынның ауырсынуы болып табылады2,3.

Терінің қышуы экзема кезінде ең көп ыңғайсыздық тудырады. Ол жеңіл деңгейден ауыр деңгейге дейін өзгеруі мүмкін, адамның әдеттегі өмір салтын және ұйқыны бұзады. Теріні үнемі тырнау қышуды қысқа мерзімге ғана басады, алайда теріні қатты жарақаттайды, қабынуды күшейтеді және инфекция қаупін арттырады. Сондықтан қышуды жою экземамен күресудің маңызды міндеті болып табылады.

Экземаны емдеу және қажетті тексеруден өту үшін дерматологпен кеңесу керек. Экземаның себебі анықталғаннан кейін дәрігер емдеу жоспарын құрады.

Ең алдымен, ауру тудыруы ықтимал аллергендермен (мысалы, тұрмыстық химия немесе өндірістік аллергендермен) байланысты оны тоқтату қажет болады. Екіншіден, жүйке-психикалық шамадан тыс жүктемеден құтылу, диетаны қайта қарау, созылмалы инфекция ошақтарын жою және негізгі аурудың өршуіне себеп болатын басқа факторларға әсер ету қажет1,2.

Қышуды бақылауда ұстау емдеудің маңызды бөлігі болып табылады, өйткені тырнаудың механикалық жарақатының салдары тым қатал: «тырналған тері — қышиды – қайтадан тырналады», бұл терінің бөртуін және инфекцияның қосылу қаупін арттырады 2,3.

Экземаның сыртқы салдарын емдеу үшін терапия режиміне әдетте топикалық глюкокортикостероидтар (гормондық жақпамай немесе крем) кіреді. Егер бұл асқынбаған экзема болса, онда құрамында бір компоненті бар стероидтер қолданылады. Терінің жағдайы жақсарғаннан кейін, бұл препараттардың дозасы біртіндеп азайтылып, соңынан мүлдем тоқтатылады.

Экземаның сыртқы салдарын емдеу үшін терапия режиміне әдетте топикалық глюкокортикостероидтар (гормондық жақпамай немесе крем) кіреді. Егер бұл асқынбаған экзема болса, онда құрамында бір компоненті бар стероидтер қолданылады. Терінің жағдайы жақсарғаннан кейін, бұл препараттардың дозасы біртіндеп азайтылып, соңынан мүлдем тоқтатылады.

Экзема кезінде қоса пайда болған инфекцияның белгілері байқалса немесе күдік пайда болса (көпіршіктер мен іріңді қыртыстар) инфекция мен қабынуға бір мезгілде әсер ету үшін құрамдастырылған топикалық стероидтерді (құрамында антибиотик және саңырауқұлаққа қарсы компоненті бар) қолданған дұрыс.

Экземаны біржола емдейтін түбегейлі әдіс жоқ. Бірақ топикалық стероидтер (гормондық жақпамай немесе крем) өршу сатысында пациенттердің көпшілігін емдеудің тиімді және көбіне ұсынылатын әдісі болып табылады. Алайда оларды тек дәрігер тағайындайтындығын және емдеуді соның бақылауымен жүргізу керектігін қайталап айтамыз. Өз бетіңізбен емделу денсаулығыңызға зиянды болуы мүмкін, осыны есіңізде ұстаңыз.

Экземаны емдеуде дәрі препараттарынан басқа, терінің қабыршақтануына және жарылуына жол бермейтін эмоленттерді (ылғалдандырғыштар мен жұмсартқыштар) қолданған жөн. Қажеттілікке қарай, бірақ күніне кемінде 3-4 рет қолдану қажет.

Сондай-ақ экземасы бар адамдар қышу мен терінің бүлінуі себепті депрессияға ұшырап, жиі уайымдайды. Сондықтан дәрігерлер кешенді ем ретінде тыныштандыратын дәрі-дәрмектер мен психотерапияны ұсынады.

  1. Мельниченко Н. Е., Ковалева В. В., «Экзема» оқу құралы, Благовещенск, 2013 ж.
  2. Федералдық клиникалық ұсынымдар. Дерматовенерология, 2015: Тері аурулары. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар. — 5-ші басылым., қайта өңделген және толықт. — М.:»Деловой экспресс, 2016. — 768 б.
  3. Хамаганова И.В. Аллергодерматозды құрамдастырылған сыртқы препаратпен емдеу// «Медицинский совет» — 2017. — № 20. — 150-154 беттер.