SINGLE
Өзіңіздегі немесе балаңыздағы дерматиттің асқынуын әрең еңсеріп, тері тазарып, әбден әбігерге салған қышыма кеткен сияқты еді, енді ғана өмір жақсара бастады дегенде жанды қинайтын симптомдар қайтадан пайда бола бастайды. Сізге де таныс жағдай ма? Ауруды енді қайта оралмастай етіп жоюға бола ма?
Атопиялық дерматит – өте жиі кездесетін мәселе. Адамның жасы ұлғайған сайын ол бәсеңдегендей болады, кейде үлкейген кезде де артыңнан қалмайды. Бұл жағдайдың ар жағында созылмалы қабыну жатыр, ол белгілі бір жиілікпен өршіп отыруы мүмкін [1].
Атопиялық дерматит қалай пайда болады?
Бұл мәселенің түпкі тамыры отбасылық генетикадан бастау алады. Әдетте, атопиялық дерматитке ғана емес, демікпе, аллергиялық ринит, аллергиялық конъюнктивит, тамақ аллергиясы сияқты басқа аллергиялық ауруларға да тұқым қуалайтын бейімділік байқалуы мүмкін [1].
Дені сау адамның терісі қорғаныс қызметін атқарады. Ол иммундық жүйенің бір бөлігі болып саналады. Тері бөгде агенттердің кіруіне тосқауыл қояды, тітіркенуден және сыртқы жағымсыз факторлардан қорғайды. Белгілі бір компоненттерінің арқасында тері ылғалды ұстап тұрады, жұмсақтық пен серпімділігін сақтайды. Атопиялық дерматит кезінде терінің тосқауыл функциясы бұзылады, ылғалды жоғалтады, қабыну пайда болады. Бұл қышу, бөрту, қызару, құрғау сияқты симптомдардың, аурудың сыртқы белгілерінің пайда болуына әкеледі [1, 2].
Өршу себебі неде?
Өршу – бұл аурудың өте ауыр жүруі, симптомдардың қайта басталуы немесе күшеюі. Өршудің әртүрлі дәрежелері болуы мүмкін: жеңілден ауырға дейін. Мұндай нашарлауға ішкі және сыртқы факторлардың алуан түрлілігі себеп болуы мүмкін [3]. Ішкі факторларға мыналар жатады [3]:
Сыртқы факторларға келесілер жатады [3]:
Не істеу керек?
Ең алдымен, ауруды бақылауға алу қажет. Өршудің ауырлығына қарамастан, ылғалдандырғыш және жұмсартқыш құралдарды қолдану қажет. Оларды көп мөлшерде, күніне кемінде 3-4 рет және шомылған сайын қолданып отыру керек. Бұл құралдар терінің тосқауыл қызметін қалпына келтіруге көмектеседі, терінің қорғаныс компоненттері тапшылығының орнын толтырады, сусыздануға жол бермейді [3, 4].
Өршудің алғашқы белгілері кезінде дәрігер сіздің балаңызға қабынуды жеңілдету үшін сыртқы (терінің бетіне қолданылатын, жергілікті) құралдарды тағайындайды. Бұлар әдетте гормондық (немесе стероидты) жақпамайлар болып табылады. Гормондық препараттарды қолданудан қорықпаңыз, олар өте тиімді және мейлінше қауіпсіз. Керісінше, емдеудің тұрақсыздығы немесе дәрігердің ұсынымдарынан бас тарту аурудың өршуіне және болжамның одан әрі нашарлауына әкелуі мүмкін [3, 4].
Өкінішке қарай, кей жағдайларда сыртқы терапия жеткіліксіз болуы мүмкін. Сонда қабынуға қарсы препараттарды ішке қабылдау қажет болуы мүмкін. Сыртқы жақпамайлармен немесе кремдермен емдеу неғұрлым тиімді болса, ауыр терапияға көшу ықтималдығы соғұрлым азаятыны есіңізде болсын [3, 4].
Асқынудың алдын алуға бола ма?
Ылғалдандырғыш құралдарды (эмоленттерді) күнделікті қолдану қарапайым және тиімді алдын алу тәсілі болып табылады. Аллергендермен беттеспеу үшін өмір салтын өзгерту де асқынудың алдын алуға көмектеседі. Осы мақсатта [1, 4]:
Қабынуға қарсы құралдарды профилактикалық мақсатта қолдану және таңдау қажеттілігін дәрігеріңіз ғана анықтай алады [3,5]. Жақсы нәтиже алу үшін дәрігердің кеңестерін мұқият орындаңыз және өзіңізді емдеуден аулақ болыңыз.