SINGLE Комфодерм
БАР-ЖОҒЫН ҚАРАП ШЫҒУ
Орысша Қазақша
Тері туралы блог
< Артқа
Гормондық жақпамайлар: қалай дұрыс қолдану керек?
06.09.2023

Атопиялық дерматит пен экзема стероидтарға сезімтал аурулар болып табылады, сондықтан олардың сыртқы терапиясының тиімді және дұрыс таңдауы1 – дәрігер тағайындайтын гормондық жақпамай немесе гормондық крем (топикалық глюкокортикостероидтар).

Бірақ бұл құрал туралы ел ішінде тараған түрлі сөздер көп, тіпті көбі оны қолданудан қорқады. Сонымен қатар бұл топикалық стероидтер осы ауруларды тиімді емдеуге және терінің тітіркенуін, қышуын және қызаруын азайту арқылы пациенттердің хәлін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Гормондық құралдар дерматологияда 60 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді1. Осы уақыт ішінде ғалымдар олардың әсері мен ықтимал жағымсыз реакцияларын егжей-тегжейлі зерттей алды. Көбінесе соңғысы дұрыс пайдаланбау себебінен пайда болады:

  • дұрыс таңдалмаған препарат (мысалы, барлық препараттарды терінің сезімтал жерлеріне (бет, мойын, тері қатпарлары) немесе барлық препараттарды 1 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды). Сондықтан дәрігердің ұсынымдарына құлақ асудың және препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысудың маңызы зор;
  • дозаның дұрыс болмауы (препаратты шамадан тыс көп жағу);
  • қолдану жиілігінің немесе аймағының бұзылуы (дәрігердің ұсынымдарын қатаң сақтау және препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты зерделеу, қолдану жиілігін арттырмау қажет, жақпамайды терінің қабынған жерлеріне ғана жағыңыз);
  • препараттарды окклюзиялық таңғыштың (үлдір) немесе гормондық жақпамайды жөргектің астына жағуға болмайды, өйткені олардың теріге сіңуі күшейіп, жағымсыз реакциялар тәуекелі артады.

Қажетті жақпамай мөлшерін дәл есептеу үшін саусақпен өлшеу әдісі (FTU) жиі қолданылады2.

Бұл жағдайда препараттың 1 дозасы – жақпамайдың құтыдан сұқ саусақтың ұшынан бірінші буынына дейін сығылған мөлшері.

Әрбір өңделетін тері аймағы үшін дұрыс дозалаудың маңызы зор. Бұл емдеудің нәтижесіне қол жеткізуге және жағымсыз құбылыстардың қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Бір жасқа дейінгі балаларға арналған доза:

  • бет пен мойын – 1 доза;
  • дененің үстіңгі жағы (кеуде, іш) — 1 доза;
  • дененің арты (арқа, бөкселер) – 1,5 доза;
  • бір қол – 1 доза;
  • бір аяқ толығымен – 1,5 доза;

1-2 жастағы балаларға арналған дозалар:

  • бет пен мойын – 1,5 доза;
  • дененің үстіңгі жағы (кеуде, іш) — 2 доза;
  • дененің арты (арқа, бөкселер) – 3 доза;
  • бір қол – 1,5 доза;
  • бір аяқ толығымен – 2 доза;

3-5 жастағы балаларға арналған дозалар:

  • бет пен мойын – 1,5 доза;
  • дененің үстіңгі жағы (кеуде, іш) — 3 доза;
  • дененің арты (арқа, бөкселер) – 3,5 доза;
  • бір қол – 2 доза;
  • бір аяқ толығымен – 3 доза;

6 жастан асқан балаларға арналған дозалар:

  • бет пен мойын – 2 доза;
  • дененің үстіңгі жағы (кеуде, іш) — 3,5 доза;
  • дененің арты (арқа, бөкселер) – 5 доза;
  • бір қол – 2,5 доза;
  • бір аяқ толығымен – 4,5 доза;

Ересектерге арналған дозалар:

  • бет пен мойын – 2,5 доза;
  • дененің үстіңгі жағы (кеуде, іш) — 7 доза;
  • дененің арты (арқа, бөкселер) – 7 доза;
  • бір қол – 4 доза;
  • бір аяқ толығымен – 8 доза.

Қалай болғанда да топикалық стероид терінің барлық қабынған жерлеріне жұқа қабатпен жағылады. Құралды сау теріге жағудың қажеті жоқ.

Препаратты теріге жағу әдісіне де мән беру керек. Ұзақ мерзімді жергілікті гормондық терапия қажет болса, дәрігер жиі әртүрлі әдістерді ұсынады.

Қолданудың әртүрлі тәсілдері3,4 жағымсыз реакциялардың қаупін азайтады.

  • Төмендету әдісі: алдымен дәрігер күшті гормондық препаратты тағайындайды, содан кейін қабыну басылған кезде біртіндеп орташа стероидке, содан кейін әсері төмен препаратқа ауысады;
  • Сызықтық әдіс: зақымдалған терінің үлкен аймағына қолданылады, құрал зақымдалған аймаққа жұқа қабатпен сызғылай отырып қолданылады;
  • Сатылы әдіс: дененің әртүрлі аймақтарына топикалық стероидтерді кезекпен қолдану;
  • Тандемтерапия – бұл жағдайда жергілікті кортикостероид күн сайын сыртқы индифферентті құралдармен алмастырылады (емдік қасиеттері жоқ негіздің өзі ғана).

Сондай-ақ осы құралдарды пайдалану кезінде бірнеше ережелерді ескеру қажет1,2:

  • гормондық жақпамайды/кремді қолдану ұзақтығын асырмаңыз (дәрігер ұсынымдары мен қолдану жөніндегі нұсқаулықтарға мен дәрігер кеңесіне құлақ асыңыз);
  • жақсарудың алғашқы белгілері байқалғанда препаратты қолдануды тоқтатпаңыз және дәрігер тағайындаған курсты аяғына дейін жеткізіңіз;
  • терінің зақымдалған аймақтарының орналасқан орнын, адамның жасын және жеке көрсеткіштерін ескеру керек, мысалы, ересек адам мен баланың дәріні сіңіруі әртүрлі, сонымен қатар дәрі-дәрмектің бетке сіңуі алақанға қарағанда 7 есе қарқынды жүреді.

Қорытындылай келе, дұрыс қолданылатын гормондық жақпамай аса қауіпсіз екенін атап өткен жөн. Бірақ өз бетіңізбен емделмеңіз, емдеуді терапияның барлық кезеңінде терінің жай-күйін бақылап отыратын білікті дәрігер жүргізуі тиіс.

  1. Свирщевская Е. В.1, Матушевская Е. В., Фторланған және хлорланған топикалық глюкокортикостероидтардың тиімділігі мен қауіпсіздігін салыстырмалы талдау, MODERN PROBLEMS OF DERMATOVENEROLOGY, IMMUNOLOGY AND MEDICAL COSMETOLOGY, 2010, №3, 75-78 беттер.
  2. «Атопиялық дерматит. Қамқор ата-аналар мен олардың балаларына арналған», РҒА ОКА педиатрия және балалардың денсаулығын қорғау ҒЗИ, 2020.
  3. Т.А.Белоусова, М.В.Горячкина, В.А.Филиппова, Қабынған дерматоздың сыртқы терапиясының заманауи стратегиясы. Дерматология №3/ 2009/ consilium medicum қосымшасы
  4. Свирщевская Е. В.1, Матушевская Е. В. Фторланған және хлорланған топикалық глюкокортикостероидтардың тиімділігі мен қауіпсіздігін салыстырмалы талдау, MODERN PROBLEMS OF DERMATOVENEROLOGY, IMMUNOLOGY AND MEDICAL COSMETOLOGY, 2010, №3.